«Ордабасы» Қазақстан құрамасының қорғаушысын қатарына қосты
«Ордабасы» Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ұлар Жақсыбаевпен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлар – шымкенттік футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Ол бұған дейін «Қыран», «Ордабасы», «Қайсар», «Ақсу», «Қызылжар» командаларында өнер көрсетті.
30 жастағы футболшы өткен маусымда Қазақстан құрамасында дебют жасап, Австрия құрамасына қарсы ойында алаңға шыққан болатын.