logo

«Ақтөбе» ойыншысы мансабын Кувейт чемпионатында жалғастырады

«Ақтөбе» ойыншысы мансабын Кувейт чемпионатында жалғастырады

26 жастағы гаитиялық жартылай қорғаушы Жайро Жан кувейттік «Әл-Кадисия» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport+.

Өткен маусымда Жайро Жан «Ақтөбе» сапында 24 матч өткізіп, 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, кәсіби мансабында Жан Гаитидің «Сен Луи», «Америка де Ке», «Атлетико Сан-Кристобаль» және «Харабакоа», сондай-ақ Боливияның «Реал Санта-Крус» және «Олвейс Реди» клубтарында ойнаған.