logo

Айбол Әбікен мансабын «Ордабасыда» жалғастырады

Айбол Әбікен мансабын «Ордабасыда» жалғастырады

«Ордабасы» жартылай қорғаушы Айбол Әбікенмен келісімшарт жасағанын ресми жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойыншы еркін агент ретінде ауысты. Еске салсақ, 2022 жылы Әбікенге допинг қолданғаны үшін екі жылға кәсіби футболдан шеттетілген болатын.

Айбол Әбікен – алматылық «Қайрат» клубының түлегі. Жартылай қорғаушы алматылық клуб құрамында 114 матч өткізіп, 13 гол соқты және сегіз нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, «Ақсу» клубына жалға берілген болатын.