logo

«Жеңіс» Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысын құрамға алуға ниетті

«Жеңіс» Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысын құрамға алуға ниетті

Орталық қорғаушы Берік Айтбаев елордалық «Жеңіс» жаңа ойыншылар тізіміне енді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бүгін семейлік «Елімай» 33 жастағы Берік Айтбаевпен келісімшарттың бұзылғаны туралы хабарлады.

Тәжірибелі футболшының қызметіне елордалық «Жеңіс» қызығушылық танытып отыр. Елордалық ұжым бүгін қазақстандық қорғаушы Саят Жұмағалимен қоштасқаны туралы хабарлады.

Берік Айтбаев — «Тараздың» түлегі. Өткен жылы ол «Елімайға» Бірінші лигада жеңіске жетуге көмектесті, алайда осы маусымда Айтбаев 13-турда тек үш матчқа қатысты.

«Елімаядан» бөлек Айтбаев туған клубы «Тараз», «Атырау», «Ертіс» және «Ақтөбе» командаларында өнер көрсетті. Қазақстанның жоғарғы лигасында барлығы 136 матч өткізіп, екі гол соқты.  

Бір кездері ол Қазақстан құрамасына шақырту алды, бірақ құрама сапында дебют жасаған жоқ.