Заңғар Нұрланұлы Латвияда жеңімпаз атанды
Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Латвияның Айзкраукле қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J100 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып.
Жасөспірімдер арасында әлемнің 77-ракеткасы, 16 жастағы теннисші финалда нидерландылық, рейтингіде 165-орында тұрған Хайде Шонмаркспен кездесті.
Заңғар қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Өткен жылы Заңғар осы жарыста финалға дейін жеткен еді. Бұл - қазақстандық теннисшінің спорттық жолындағы ITF Juniors додаларындағы бесінші, биылғы үшінші титулы.