Олжас Абзалиев Марсиу Гамачқа қарсы жекпе-жек туралы: Өзіміздің дайындалған бір әдістеріміз бар
NAIZA лигасының чемпионы Олжас Абзалиев Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында қарсыласы Марсиу Гамачпен қарым-қатынасы, сондай-ақ өзінің дайындығы туралы айтты.
– Әлеуметтік желіде қарсыласыңызбен көп сөйлестіңіз ғой. Сіздерде жепе-жектен бөлек байланысты дүниелер пайда болды ма?
– Енді бәрі көріп отырғандай желіде жақсы, тартысы талас болды, бірақ шетжақтай ешқандай қарым-қатынасты өрбіту болған жоқ. Тек қана желіде.
– Ол жерде тек хайп болды ма сонда?
– Алдыңғы жолы октагонда ішінде бізде қақтығыс болды. Содан кейін басқа ештеңе болған жоқ. Барлығы сондан басталды.
– Сіздің команданыңыздан қолдауға кімдер келді?
– Командадан менің бапкерлерім және өзіміздің достарым келді, бірге жаттығатын споршылар және соңғы Naiza-да төбелескен Қойышбек Данияр бауырым келді бірге, одан бөлек аға-бауырларым мен жақындарым келіп отыр.
– Сіздің қарсыласыңыз Дагестанда дайындалды. Сізде дайындық қалай өтті?
– Қайда дайындалса да маған бәрібір, өйткені мен командаммен өзімнің залымда шынықтым, өз бапкерлерімен жаттықтым. Соққы жағынан, күрес шағынан және жалпы күш дамыту жағынан дайындалдым. Жекпе-жекке жоспарымыз бар.
– Женетініңізге сенімдісіз бе?
– Енді бұлай айту дұрыс емес, бір Аллаға белгілі, бірақ өзім бес раундқа дайындалып келдім. Бірақ жекпе-жекке өзіміздің дайындалған бір әдістеріміз бар. Көреміз шығып жатса, жекпе-жек қалай аяқталатыны белгілі болады.