Дастан Амангелді: Абумен жекпе-жекте өзімнің басқа дәрежеде екенімді көрсетемін
NAIZA лигасының чемпионы, «Еркін күш» мектебінің жарқын жауынгерлерінің бірі Дастан Амангелді Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Нұрболат Абумен жекпе-жекке дайындық қалай өтіп жатқаны, Көшен Ақановпен достық және Жалғас Жұмағұловтың UFC-ге ораулы туралы айтып берді.
- Дастан, Нұрболат Абумен жекпе-жекке дайындық қалай өтіп жатыр? Бәрі ойдағыдай ма?
- Дайындық ойдағыдай өтіп жатыр. Жекпе-жекке бір аптадай уақыт қалды. 2-3 күн қалғанда су қуу процесін бастаймыз. Бәрі жақсы.
- Бапкерің Айбек Шоқпутовпен бірге қарсыласты зерттедіңіз бе? Ол қандай кеңестер берді?
- Әрбір жекпе-жектің алдында Айбек ағаймын қарсыласты зерттейміз. Қарсыласқа қарап жоспар құрамыз. Алға қойылған жоспар бар, Алланың қалауымен ойластырылған әдістерді істейміз.
- Бұған дейін сіз Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозов UFC-ден алып келген әдістерді үйреніп жүргеніңізді айттыңыз. Содан кейін үйреніп алған басқа құйтырқы әдістер бар ма? Жалпы қарсыласты таң қалдыруға дайынсыз ба?
- Иә, бұған дейін Жалғас және Сергей ағаларымыз АҚШ-нан өткен жиындардан үйреніп келген барлық дүниелерін көрсетті, оның бәрін меңгеріп, жұдырықтасудағы арсеналымыз толтырдық. Бұйырса осы жекпе-жекте мен өзімнің басқа дәрежеде екенімді көрсеткім келеді. Чемпион қалай жұмыс жасау керек екенін көрсетемін.
- Сіздің мансабыңызда Сұлтан Жолдошбектен тапқан жалғыз жеңіліс бар. Бір кездері сіздің реваншыңыз өзекті болды. Қазір бұл жекпе-жек сізді қызықтырады ма?
- Сұлтан Жолдошбекпен болған жекпе-жекте мен жеңіліс таптым деп ойламаймын. Бірақ бұл жеңіліс менің мансабымда тұр. Ол жекпе-жек негізі даулы болған. Халыққа бұл реванш қызық болуы мүмкін, бірақ маған бұл жекпе-жек керек емес. Менің жоспарларым басқа.
- Сіз панкратионнан ҚР чемпионатының финалында Көшен Ақановпен жекпе-жекке шықпадыңыз. Неліктен мұндай шешім қабылдадыңыз және төбесуге бас тартатын жауынгерлерден тізімде тағы да кім бар?
- Иә, Қазақстан чемпионатында Көшен арамызда жекпе-жек болмады. Көшен маған бірінші орынды беріп қойды, өйткені біз бұрыннан бері араласамыз, бірге жиын өткенбіз, сондықтан сондай шешім қабылдадық. Басқа жауынгерлер туралы айтатын болсақ, осы уақытқа дейін қанша қазақ жігіттерімен төбелестім, бірақ ешқайсына ұсынысты бірінші болып тастаған жоқпын. Бұл жекпе-жектер NAIZA-ның және қарсыластарымның қалауымен болған.
- Қазір NAIZA лигасының 8 салмағындағы 4 чемпионы - «Еркін күш» мектебінің түлектері (Диас, Нұрбек, Дәурен және сен). Бағдат Жұбаныштан басқа, клубтастарыңыздан жақын арада лига белбеуі үшін таласуға кім дайын? Жалпы «Еркін күште» жаңа есімдер бар ма?
- Сіз айқтан Бағдат Жұбаныш келесі турнирлерда белбеу үшін таласу керек. Сондай сыбыстар бар. Басқа жауынгерлерді айтатын болсақ, иә, жаңа буын артымыздан өсіп келе жатыр. Соның ішінде 61 келіде Тыныштық Жәнібек бар. Мен басқа лигаларға, иә болмаса мұхиттың арғы жағына жол тартып жатсам, Жәнібек белбеу үшін таласуы керек. Сонымен қатар Саламат Исбулаев пен «Alash Pride» белбеуіне төбелесуге жақындаған Гоша Майсурадзе сияқты жігіттер де бар.
- Сіздің клубтасыңыз Жалғас Жұмағұлов қазір АҚШ-та жиын өткізіп жатыр. Ол UFC-де соңғы серпіліс жасағысы келеді. Сіздің ойыңызша, Жако UFC-ді шулату мүмкін бе?
- Ол UFC немесе өзге шетелдік промоушндардан ұсыныс күтіп отыр. Ол өз лигамен жазып, иә болмаса UFC-ге барып жатса, онда басқа көзқараспен өнер көрсетеді деген ойдамын, себебі Жалғас ағамыздың тәжірибесі мол. Қалай болса да, біз оны әрдайым қолдаймыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram