logo

Нұрбек Қарабала NAIZA 62 туралы: Бір кардта екі титулдық жекпе-жек – бұл өте керемет

Нұрбек Қарабала NAIZA 62 туралы: Бір кардта екі титулдық жекпе-жек – бұл өте керемет

NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында NAIZA 62 аяқ астынан өтпейтін екі жекпе-жектің себептері және кардтағы басқа қызықты текетірестер туралы айтып берді.

— Біздер осындай жағдайларға дайынбыз. Жауынгерлердің жолы — қиын жол. NAIZA 62 өзім үшін өте қызық екі жекпе-жек, атап айтсақ Абу Нұрболат пен Дастан Амангелді және Диас Еренғаипов пен Болат Заманбеков арасындағы текетірестер өтпейтін болды. Бірақ менің көңіл-күйім түскен жоқ, себеі біз мұндай жағдайларға дайынбыз.

— Бұл жекпе-жектер неге өтпейтін болды?

— Абу Нұрболаттың денсаулығы нашарлап, оны ауруханаға алып кетті. Ал екінші жекпе-жекте Заманбеков салмағын 2 келіге қуа алмай қалды.

— Орын алған жағдайда Амангелді мен Еренғаиповқа сыйақы төленеді ме?

— Иә, олар келісімшарт болынша сыйақыларын алады.

— NAIZA 62 басқа қандай қызық жекпе-жектер күтуде?

— Ертен екі қызықты, титулдық жекпе-жек болады. Алдымен Жаныбек уулы мен Донченко арасындағы төбелес. Былтыр осы екі жауынгердің арасындағы жұдырықтасу «жыл жекпе-жегі» болып танылды. Өте қарқынды, мықты жекпе-жек болды. Содан кейін Олжас Абзалиевтің бразил жауынгері Сантос арасындағы жекпе-жек өтеді. Бір кардта екі белбеуге талас — бұл өте керемет.