«Бұл қыздардың спорты емес, төбелеспей үйде бала туып отырмайды ма» деген пікірді жиі естимін: Алтынай Мергенбай
Қыздар арасында спортты дамытуға үлес қосып жүрген Алтынай Мергенбай Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында ММА-ға келу тарихы, «Alash Pride» лигасын таңдау себебі және шетелдік лигаға ауысу жоспарлары туралы айтып берді.
- Алтынай, аралас жекпе-жекке деген қызығушылғыңыз қалай басталды? Джиу-джитсу және ММА-мен кәсіби түрде айналысуға деген ұмтылыс қашан пайда болды? Бұл шешімге күйеуіңіз әсер етті ме?
- Жекпе-жекке деген қызығушылығым кішкентай кезімнен басталған. Әкем кішкентайымнан уйде спортпен айналастырған. Спортты кәсіби түрде 14 жасымда бастадым. Кикбоксинг спортына барып, бұл спорта өмірімнің үш жылын арнадым. Екі дүркін Қазақстан чемпионы атанып, 2019 жылы джиу-джитсу және ММА-мен айналыса бастадым. Дәл сол жылы осы спортқа келіп, куйеуімді жолықтырдым. Жарымның қолдауымен біраз жетістікке жеттік.
- «Alash Pride-тағы» келесі жекпе-жегіңіз 6 шілдеде өтеді. Дайындығыңыз қалай жүріп жатыр, кіммен жұдырықтасасыз, қарсыласыңызды қалай бағалайсыз және көңіл-күйіңіз қандай?
- «Alash Pride» лигасындағы келесі жекпе-жекке келер болсақ, өкінішке орай, қазір денсаулығыма байланысты кішігірім демалыс алдым.
- «Alash Pride» лигасымен қалай байланысқа шыққаныңыз? Басқа қандай жарнамалық акциялармен жұмыс істеп жатырсыз немесе болашақта бірлесіп жұмыс істегіңіз келеді?
- «Alash Pride» лигасының ұсынған келісімшарты маған тиімді болды. Басқа промоушендарға карағанда «Alash Pride» өзіме ұнады. Олармен бірігіп, алда улкен белестерге жетеміз деп ойлаймын.
- «Әйелдерге төбелесуге орын жоқ, ММА - бұл еркектердің спорты» деген пікірді естідіңіз бе?
- Әрине, көп естимін. «Бұл қыздардың спорты емес, төбелеспей үйде бала туып отырмайды ма» дейді көп пікірлер. Мен бұл пікірге қарсымын.
- Еліміздегі қыздар арасында джиу-джитсуі мен ММА деңгейін қалай бағалайсыз? Қазақстанда қыздар арасында бұл спорт түрлері танымал ма, әлде басқа спорт түрлеріне қарағанда артта қалып жатыр ма?
- Қазіргі уақытта қыздар арасында ММА дамуда. Алайда, болашақта бұданда жақсы дамуы ушін моральдық және материялдық жағынан қолдау қажет. Қазақ қыздарымыз шетелге барып тәжірибе алмасуы қажет.
- Қазіргі таңда басты сұрақтардың бірі: әйелдерге өзін-өзі қорғау негіздерін білу маңызды деп ойлайсыз ба?
- Қазіргі біздің Қазақстанда болып жатқан жайттарға қарасақ, әрине, қыздарға өзін-өзі қорғауды үйрені өте қажет.
- Алдағы мақсаттарыңыз бен жоспарларыңыз қандай?
- Мақсатым алдағы уақытта джиу-джитсудан әлем чемпионаты мені күтіп тұр. Осы жарыста бар күш жүгерімді салып, әлемдік аренада ән ұранымызды шырқатқым келеді. Бұдан бөлек, «Alash Pride-тың» белбеуін жеңгім келеді. Шетелдік промоушындардан да ұсыныстар түсіп жатыр, Қазақстаннан тыс аймақтарда өзімді көрсету ойда бар.