logo

Олимпиадаға соңғы лицензия беретін Grand Slam додасында кімдер сынға түседі?

Олимпиадаға соңғы лицензия беретін Grand Slam додасында кімдер сынға түседі?

Дзюдодан Париж Олимпиадасына ұпай үлестіретін соңғы әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын ерлер құрамасы анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін додаға Қазақстан құрамасынан жеті салмақтан 28 татами шебері бақ сынайды.

Олар:

60 кг: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйеукенов;

66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали, Есет Қуанов, Нұрсұлтан Зайзағалиев;

73 кг: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдірахманов;

81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді;

90 кг: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, Құдырет Досымов, Мұхамедәли Мавлидов;

100 кг: Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев;

+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай.

Олимпиадаға рейтингтік ұпай берілетін соңғы турнир 10-12 мамыр аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді.

Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.