logo

Олимпиада комитеті Оңтүстік Корены Солтүстік Кореяға «қосып» жіберген

Олимпиада комитеті Оңтүстік Корены Солтүстік Кореяға «қосып» жіберген

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында ел делегациясын таныстыру кезіндегі қателік үшін Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльден кешірім сұрады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

26 шілде күні шеруде Оңтүстік Корея спортшыларын таныстыру кезінде КХДР деп атаған. Осыдан соң Корея Республикасының басшылығы ашуланып, Бахпен кездесуді талап етті.

«Бүгін ХОК президенті Томас Бах Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльмен сөйлесті. Телефонмен сөйлесу кезінде ХОК президенті Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы аудиотрансляциядан кеткен қателік үшін кешірім сұрады. Бұл адамның қателігі, сол үшін ХОК кешірім сұрайды», — деді ХОК-тің коммуникациялар жөніндегі директоры Марк Адам.

Париждегі Олимпиада 27 шілде мен 11 тамыз аралығында өтіп жатыр. Олимпиада ойындарының бағдарламасында 32 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынуда.