Әдемі сөйлейтіндерді тыңдама, ешкімге керек болмай қаласың: Головкин Сметовке ағалық ақылын айтты
Париж Олимпиадасының жеңіс тұғырына көтерілген қазақ дзюдошысы Елдос Сметовке ҰОК президенті Геннадий Головкин ағалық ақылын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Еске салайық, 60 келіде өнер көрсеткен Сметов бес белдесудің бәрінде жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол Олимпиада ойындарында үш рет жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы атанып тыр.
«Әдемі сөйлейтін адамдарды көп тыңдай берме. Ондайлар қазір көбейеді. Мен өз тәжірибемнен білемін. Ал, соңында отбасыңнан басқа ешкімге керек болмай жалғыз қаласың. Сосын менің орныма келуіңе тура келеді», - деді Головкин Сметовке.