Париж Олимпиадасы: 28 шілдеде кімдер жарысқа шығады?
28 шілдеде Париж Олимпиадасында тағы бір топ қазақстандық спортшылар жарыс жолын бастайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Астана уақытымен ойын кестесі:
11:30 Бадминтон. Ерлер. Іріктеу
Дмитрий Панарин – Кента Нишимото (Жапония)
12:15 Оқу ату. Әйелдер. Пневматикалық винтовка 10 метр. Іріктеу
Александра Ле, Арина Алтухова
13:00 Дзюдо. Ерлер. Алдын ала іріктеу
66 келіге дейін. Ғұсман Қырғызбаев – Давид Гарсия Торне (Испания)
13:00 Семсерлесу. Ерлер. Жеке қылыш. Алдын ала іріктеу кезеңі
Вадим Шарлаимов – Гарри Санер (Оңтүстік Африка)
14:15 Оқ ату. Ерлер. Пневматикалық винтовка 10 метр. Іріктеу
Константин Малиновский, Ислам Сатпаев
14:48 Бокс. Ерлер. 1/8 финал
92 келіге дейін. Айбек Оралбай – Адам Олаоре (Нигерия)
15:00 Теннис.
15:50 Семсерлесу. Ерлер. Жеке қылыш. 1/16 финал
Руслан Курбанов – Хуссам Эль Корд (Марокко)
16:40 Семсерлесу. Ерлер. Жеке қылыш. 1/16 финал
Эльмир Әлімжанов – Луиджи Миддлтон (Франция)
18:46 Бокс. Ерлер. 1/16 финал
71 келіге дейін. Асланбек Шымбергенов – Зеяд Ишаиш (Иордания)
19:50 Бокс. Әйелдер. 1/16 финал
50 келіге дейін Назым Қызайбай – Джордана Соррентино (Италия)
Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал.
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын.