logo

Ол қыз сияқты: Аршавин Роналду туралы айтты

Ол қыз сияқты: Аршавин Роналду туралы айтты

Футболдан Еуропа чемпионатында Португалия – Словения арасындағы матчта пенальтиден гол соға алмай, көз жасына ерік берген даңқты футболшы Криштиану Роналдуды Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин қызға теңеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Матч ТВ» телеарнасына сұхбат берген экс-футболшы Роналдудың бұл әрекеті оның фанаттарына ұнайтынын айтты.

«Егер бұл бірінші рет болса, мен Роналдуды түсінетін және қолдайтын едім. Ал, кеше ол тура қыз сияқты көрінді. Менің ойымша ол өкініштен жыламайды, өзін камераға түсіріп тұрғанын білгеннен кейін әдейі жылайды. Ол өзі туралы жұрт әңгіме етсе, сөз қылса дейді. Кешегі жылағаны да байқасаңыздар имиджіне еш теріс әсер еткен жоқ. Оның фанаты саналатын қыздардың бәрі көз жасын көріп Роналдуды жақсы көре түсті», - деді Аршавин.

Еске салайық, 1/8 финалдық ойында Словениямен тең ойнаған Португалия пенальти сериясында жеңіске жетті (3:0). Ал, овертаймда Роналду 11 метрлік айып добын соға алмай қалды.