logo

Нұрбек Қарабала Сора Рахмонованың UFC-ден ұсынысы туралы: Бұл ұйымға қазір бару керек, балалы болса, кейін қиын болады

Нұрбек Қарабала Сора Рахмонованың UFC-ден ұсынысы туралы: Бұл ұйымға қазір бару керек, балалы болса, кейін қиын болады

NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Сора Рахмонованың алдағы уақытта UFC-де жұдырықтасуы туралы айтты.  

- Сораның UFC-ге баратыны туралы әңгімелер – ол оның мықты жауынгер екендігін білдіреді. Қыз бала күйеуге шыққаннан кейін, балалы болады, оған екі жыл уақыты кетеді. Кейеуге шыққаннан кейін, қазақтың дәстүрі бойынша, үйіндегі анасына қызмет ету керек. Соның бәріне уақыт кетеді. Мен Сораның UFC-ге мүлдем бармайды деп айта алмаймын. Барып, жақсы нәтиже көрсету мүмкін, бірақ қазір бару керек болса, мүмкіндікті пайдалану керек. Отбасылық жағдайға байланысты, балалы период басталса, онда кейін қиын болады, - деді Қарабала.  

2023 жылдың 23 қарашасында белгілі қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова Алматы облыстық мәслихатының депутаты және джиу-джитсудан спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаровқа тұрмысқа шықты.