logo

Нұрбек Қарабала қазақстандық жауынгерлердің ішінде кімге ашулы болғаны туралы айтты

Нұрбек Қарабала қазақстандық жауынгерлердің ішінде кімге ашулы болғаны туралы айтты

Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала Sport Plus Qazaqstan телеарнасында қонақта болып, Еламан Шертаев пен Алиреза Ноэй арасындағы жекпе-жекке баға берді.

«Еламан Шертаев Алиреза Ноэймен жекпе-жектен екі рет бас тартқан болатын. Салмағын қуа алмады, тағыда басқа мәселелер болды. Сол кезде мен Еламанға кішкене ашуланып қалдым. Бірақ ол – патриот жауынгер, осы қасиеті маған ұнайды. Басқа лигаға шақырса да, «ағай, мен сіздің лигада төбелесе берейнші» деп жауап қайтарады. Еламан маған жекпе-жек беріңізші, мен дәлелдеймін деп күнде жазатын болатын. Мен оған егер сен біз берген мықты қарсыласты жеңсен, әрі қарай тағы сөйлесеміз дедім. 70% жауынгерлер шешінетін бөлмеден октогонға дейін жолда жанып кетеді, мен соны бақылауды жақсы көремін. Жекпе-жек алдында Еламанның көзі жанып тұрды, бұл істі сағынғаны көрініп тұрды. Мен оған сол уақытта риза болдым, аталмыш жұдырықтасуды қызыға қарадым. Негізі, Naiza 57-нің апсеті (апсет-бұл аутсайдер фаворитті жеңген кездегі күтпеген нәтиже - автор) сол Шертаев пен Алиреза арасындағы жекпе-жек болды, себебі Еламан жеңеді деп ешкім сеңген жоқ», - деді Қарабала.   



Күн шежіресі