Нұрбек Қарабала Тайлақ туралы: Басы өте қатты жасайтын жауынгерлердің бірі
Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала Sport Plus Qazaqstan телеарнасының студиясында жауынгер Тайлақ Нұражыұлының негізгі қасиеттері туралы айтып өтті.
«Тайлақ Қытайда Road FC деген жарысқа шығады. Аталмыш жарысты жеңсен, бірден UFC-ге алып кетеді. Тайлақ жеңгеннен кейін оған ұсыныс жасайды, бірақ ол өзінің әлі дайын емес екенін түсініп, UFC-ге бармай тұрайыншы, тағы Naiza-да үш-төрт жекпе-жек өткізіп, өзіме сенімді болып алайын деп шешеді. Тайлақ – басы өте қатты жасайтын жауынгерлердің бірі. Сонымен қатар ол сөзге шешен жігіт», - деді Қарабала.