Нұрбек Қарабала ерекше сыйлайтын жауынгерлерді атап өтті
Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала Sport Plus Qazaqstan телеарнасының студиясында ерекше сыйлайтын жауынгерлерді атап өтті.
«Көптеген жауынгерлер қарсылас таңдайды. Маған айтады, ұйялмай-қызармай Naiza-ның менеджері Жандарбекке хабарласады. Жұман былай ешқашан айтып көрмеген. Жұман Жұмабеков, Жалғас Жұмағұлов және Әліби Ыдырыс сияқты жігіттер қарсылас таңдаймайды. Осы жігіттер «Нұрбек аға, кез келген қарсыласты бер, төбелесеміз» дейді». Бәріне топырақ шашпаймын, бірақ арасында қарсылас таңдайтын жігіттер бар», - деді Қарабала.