Артем Резников Рафиков – Аббасов жекпе-жегі туралы: Нариман – кішігірім фаворит
Қазақстандық файтер Артем Резников NAIZA лигасы аясында өтетін Фаниль Рафиков пен Нариман Аббасов арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Мен Фанильге жақсы қараймын, біз ұзақ жылдар бойы таныспыз, бірнеше рет турнирлерде бәсекелестік. Оның жаттықтырушысы Эдик – менің досым. Аббасовты да өзімнің жолдастарымның бірі деп санаймын, ол Алматыға келгенде бірге жаттығамыз, жиі хабарласып тұрамыз. Менің ойымша, Нариман – кішігірім фаворит. Барлығы Фанильді санамауда, бірақ ол Осетияда дайындалып жатыр. Адамның мақсаты болғанда дайындықты жүргізіп, нәтижені көрсетеді»
Жекпе-жек NAIZA мен AMC Fight Night ұйымдастырған бірлескен турнир аясында 18 мамыр күні Алматыда өтеді.