logo

Енді «акуланы» көрмейсіздер: Тимур Серікұлына қандай образдар ұнайды?

Енді «акуланы» көрмейсіздер: Тимур Серікұлына қандай образдар ұнайды?

«Акула» лақап атымен танымал аралас жекпе-жек шебері Тимур Серікұлы Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Ақтауда өтетін жекпе-жекке дайындығы, үйлену тойы, арман-мақсаты мен «акула» лақап атына қатысты құпия сырымен бөлісті.

- Шілде айында өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатырсыз?

- Дайындығым жоғары деңгейде болды. Енді салмақ қуу ғана қалды.

- Жеңілісіңізден кейін жеңіл салмаққа (70 келі) ауыстыңыз. Жаңа салмақта кімдермен жекпе-жекке түсу ойда бар?

- Иә, бұл салмаққа ауысуымның себебі, мен спорттық мансабымды жалғастырғым келді. Алда бұл салмақта талай биік белестерді бағындырамын.

- Сіз негізі боксшысыз. Боксшыға күресті үйрену қаншалықты қиын?

- Дұрыс айтасыз, боксшыға күресті үйрену өте қиын. Дегенмен жанымда өте мықты мамандар болғандықтан жеңіл үйреніп жатырмын.

- Жақында DAR TEAM базаға қоныстану тәсілін өзгертті. Сізге командамен 27/7 бірге болу қиындық тудырмай ма?

- Маған қиындық тудырмайды. Себебі үш жылдан бері осы базада жатығып келемін. 

Енді «акуланы» көрмейсіздер: Тимур Серікұлына қандай образдар ұнайды?

- Алғашқы жекпе-жектеріңізге «Акула» бас киімін киіп шықтыңыз, алдағы уақытта да осы образбен жекпе-жекке шығу ойда бар ма?

- Енді акула бас киімін кимеймін. Басқа образды дайындап жатырмын.

- Неге акуланы таңдап едіңіз?

- Акула ешқашан бір орында тұрмайды, үнемі жүзуі керек. Бір сәт кідірсе, өледі.  Мен де сол сияқты бір деңгейде қалып қоймай, әрқашан алға ұмтылып, дами бергім келеді.

- Сіздің жекпе-жегіңіз туған жеріңіз Семейде өтуі керек еді. Бірақ турнир ресми түрде кейінге шегерілді. Туған өлкеңізде күресе алмайтыныңызға қынжылдыңыз ба?

- Әрине, Семейде өтетінін естігенде қатты қуандым. Өкінішке қарай, кейін Ақтауға ауысқаны белгілі болды. Бұл өмірде бәрі Алланың қалауымен болады ғой, өкініш жоқ.

- Бір сұхбатыңызда жақында үйленетініңізді айттыңыз. Сізге бұл көбірек жаттығып, жиі жекпе-жекке шығуға шабыт бола ала ма? Үйленген соң спорт жағы қапыда қалып қоймас па екен?

- Үйленген соң жауапкершілік көбейеді, сондықтан жаттығуға қазіргіден екі есе артық күш саламын.

- Спорттағы мақсат-арманыңыз қандай?!

- Спорттагы арманым - жасырын емес, UFC- де өнер көрсету. Әр нәрсе өз уақытымен, еңбегіме сенемін!

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Timur Serikuly (@serikuly00)



Күн шежіресі