UFC-дан үмітті Дияр Нұрғожайдың қарсыласы анықталды
Әйгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожайдың Dana White's Contender Series турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Дияр Нұрғожайдың қарсыласы – 26 жастағы поляк Бартош Шевчик. Ол өзінің спорт мансабында 8 рет жеңіске қол жеткізіп, 2 рет жеңіліс тауып, 1 жекпе-жекте тең нәтижені қанағат тұтқан. Бартош Шевчик – FEN (Fight Exclusicve Night) ұйымының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы.
27 жастағы қазақстандық ММА файтері Дияр Нұрғожай мансабында 9 жекпе-жек өткізіп, бәрінде де жеңіске жеткен. Сонымен қатар бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған Eagle FC лигасында 2022 жылдың тамызында чемпион атанды.
Мамыр айында Дияр UAE Warriors промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, онда ол аргентиналық Эмилиано Сордиді екінші раундта нокаутқа түсірді.