Нұрбек Қарабала: Дәулет Өсербай сияқты жауынгерлер тарихты өзгертеді
NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында NAIZA 59 пясында төбелескен Дәулет Өсербай мен Мурат Боготов арасындағы жекпе-жекке баға берді.
- Дәулет Өсербай медиа белбеуді сұраған. Біздер кәсіпқой жекпе-жектерде жүрген соң, артқа қарап «бұл жерде кәсіпқой жауынгерлер бар, сіздер не істейсіңдер, осалсыңдар, деңгейлерің келмейді» деп айтайық десек, Дәулет бұл пікірді кері шығаратын жауынгер. Ол – панкратионнан әлем чемпионы, актер бола тұра кәсіпқой деңгейде төбелесу – ол өте мықты. Қарсыласы осал болған жоқ, бірақ ол өзінің деңгейін көрсете алмады. Негізі жауынгерлер жақсы дайындалып келіп, шешінетін бөлмеде жекпе-жекке дейін жанып кетеді. Өсербайдың қарсыласы Богатов осылай жанып кетті. Дәулет бүгін өзінің казахи текті рухымен ұнады. Ол шешінетін бөлемеден жанып шықты. ММА индустриясында Дәулет сияқты жауынгерлер тарихты өзгертеді. Оның қазіргі ұсынысы керемет, біз оны Алланың қалауымен жүзеге асыруға көмектесеміз, - деді Қарабала.
Аталмыш жекпе-жекте Өсербай кәсіпқой ММА-да дебют жасаған Боготовты техникалық нокаутпен жеңді.