logo

Нұрбек Қарабала қазақстандық жауынгерлерге маңызды кеңес берді

Нұрбек Қарабала қазақстандық жауынгерлерге маңызды кеңес берді

Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында UFC-де Орта Азиядан шыққан жауынгерлерді қалай бағалайтыны туралы айтты.  

- UFC-де Шон Шелби деген менеджер бар. Оның айтуы бойынша, UFC Орта Азиядан Dana White's Contender Series арқылы немесе жарақат алған файтерді дәл қазір алмастыруға дайын болған жауынгерлер ішінен таңдайды. Қазақстанда мықты жауынгерлер өте көп. Әуесқой деңгейден кәсіби деңгейге ауысқан және алдағы уақытта бәрін ұтады деген жігіттер жетеді. Бірақ олар UFC-ге қызық емес. Бұл ұйымға жауынгерлік тәжірибесімен қатар медиа жағы мықты болуы керек. Егерде жауынгер өз өңірінде кем дегенде 100 мың адамды артынан ерітіп, оларға жазылымдар мен жекпе-жектерге билеттерді алдыра алатын болса, онда сен керемет жауынгерсің. Егер сенде ондай фанаттар базасы болмаса, онда сен үздік 30 немесе 50 жауынгерлер қатарында жүре бересің. Бірақ, мысалы, Шавкат сияқты танымал болу қиын, - деді Қарабала.      



Күн шежіресі