logo

Ақанов пен Аракелян, Алиаскар мен Даминов және басқалар. NAIZA 59 қайдан көруге болады?

Ақанов пен Аракелян, Алиаскар мен Даминов және басқалар. NAIZA 59 қайдан көруге болады?

26 сәуірде Алматыда NAIZA 59 турнирі өтеді, оның басты оқиғасы — жеңіл салмақтағы жекпе-жек. Командалық Гран-при жұлдызы, жеңілмеген Көшен Ақанов  (4-0) «Шторм» мектебінің жауынгері Роман Аракелянмен (6-3) жұдырықтасады.

Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде -лиганың басты жауынгерінің оралуы. Жекпе-жектерді ерте аяқтай алатын Елжан «Албан» Алиаскар (9-4) өзбекстандық жауынгер Рустам Даминовпен (5-2) кездеседі. 

Alash Pride бұрынғы чемпионы Рүстем Құдайбергенов (7-5) NAIZA торына кіріп, Ресейден келген жеңілмеген нокаутшы Иван Даниловпен (6-0) төбелеседі.

Қазақстандық кинематографтың жұлдызы, жанкүйер сүйіктісі, панкратионнан әлем чемпионы Дәулет Өсербай (2-1) көрермендерге «Дяхан» деген лақап атпен танымал Мурат Боготовпен жұдырықтасады.

Турнирдің прелимдерінде жүлде қоры 50 000 000 теңгені құрайтын командалық гран-придің жартылай финалы өтеді. «Nurbatyr Team» жауынгерлері «Arlan MMA Kostanay-ға» қарсылас атанады.

Кештің тікелей трансляциясы Sport Plus Qazaqstan арнасында, сонымен қатар sportplustv.kz сайтында және YouTube арнасында қолжетімді болады. 



Күн шежіресі