logo

Нұрбек Қарабала: Алмабаевтың ТОП-13 дейін салмағындағы қарсыластар жоқ

Нұрбек Қарабала: Алмабаевтың ТОП-13 дейін салмағындағы қарсыластар жоқ

NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала қазақстандық жауынгер Асу Алмабаевтың жаңа жекпе-жегін бағалады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Мен Асумен сөйлескенмін, ол ТОП-15 қатарынан жекпе-жекке шығатын жауынгер сұрады. Менің ойымша, егер ол американдықты жеңсе, өзі де ТОП-15 кіруге мүмкіндік алады. Оған ТОП-10-нан жауынгер ұсынылды, Асу келісті, бірақ қарсыласы бас тартты. Бүгінде 57 келі салмақта ТОП-13 дейін жауынгерлері жоқ. Тіпті Шавкаттың алғашқы жекпе-жектері де оңай болды, ал Асуда олай емес, бірден қатты жауынгерлер төтеп берді»

Алмабаев келесі жекпе-жегін 15 маусым күні американдық Хосе Джонсонға қарсы өткізеді.



Күн шежіресі