Нұрбек Қабдрахманов: Жекпе-жектен кейін бургер жеймін
Қазақстандық жауынгер Нұрбек Қабдрахманов (9-2) бразилиялық файтер Вандерлей Левандовскимен жекпе-жектен кейінгі жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Вандерлейдің салмағы менен төмендеу. Бірақ менің салмағымда чемпиондық белбеуімді алып кетуге уәде беріп жатыр ғой. Біз де осал емеспіз. Күн де жаттығып, жекпе-жекпен өмір сүреміз», - деді Н. Қабдрахманов.
Сонымен қатар NAIZA чемпионы Ақтауға келерде жаттықтырушысына Руслан Алтаевқа көлік сыйлау идеясы қалай келгенін айтып берді.
«Әнуарбек деген ағымыз бар. Сол кісі көлік сыйлады. Алайда өзі жайлы көпшілікке айтқысы келмейді. Сол кісінің идеясы, біз тек қолдау көрсеттік.
Жекпе-жектен кейін, ең бірінші, бешмарақ жеймін. Айтпақшы, Ақтауда жақсф бургер жасайтын орын бар екен. Жекпе-жектен шыға сала соның дәмін татсам ба деп жатырмын. Ақтауға Ақтөбеден арнайы келген барша аға-бауырларға алғысым шексіз», - дейді чемпион.
Айта кетейік, бүгін 27 шілдеде Ақтауда NAIZA 64 турнирі өтеді, оның басты оқиғасы - қазіргі лига чемпионы Нұрбек Қабдрахманов (9-2) пен бразилиялық файтер Вандерлей Левандовски (17-7) арасындағы жекпе-жек. Аталмыш жарысты Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан, сонымен қатар біздің YouTube-арнамыздан көруге болады.