Нұралы Әліп: отбасымнан гөрі командамен көбірек уақыт өткіземін
Қазақстан ұлттық құрамасының және Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп демалысының қалай өткенін, туған күніне алған сыйлықтары мен командаға оралғаннан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- Демалыс уақыты қалай өтті?
- Тамаша, бірақ өте тез, менің демалуға уақытым болмады! Мен үйде болдым, Алматы мен Ақтауға бардым, әйелім және достарыммен бірге Тайландқа да бардық. Суда жүздік, күнге қыздырындық, әртүрлі экскурсиялар болды.
- Мереке күндері туған күніңізді атап өттіңіз. Қандай сыйлықтар алдыңыз?
- Әйелім маған аяқ киім, ал достарым пижама берді.
- Жаңа жылды қай жерде тойладыңыз?
- Ақтауда туған-туыстарымызбен бірге қарсы алдық. Түнгі сағат 12-ден кейін достарымызды құттықтауға бардық. Қазақстанда бұл мерекені көбісі тойламайды, егер тойласа, Ресейдегідей өтеді.
- Етпен бе әлде шұжықпен бе?
- Шұжықпен, халал.
- Туған жеріңізде күн суық болды ма?
- Жел соғып тұрды. Алматыда қар бар ғой әйтеуір, ал Ақтауда 10-15 градус ыстық, дала жып-жылы, көктем сияқты. Елдер сырт киімсіз, жазғы кроссовкамен жүреді. Жаңа жыл сияқты болмады.
- Жұмысыңызды қаншалықты сағынып үлгердіңіз? Спортпен шұғылдандыңыз ба?
- Міндетті түрде! Қайырымдылық турниріне қатысып, жаттығу залына бардым. Ең әуелі жігіттерді, командаданың атмосферасын сағындым. Себебі отбасымнан гөрі командамен көбірек уақыт өткіземін. Демалыс енді ғана басталғанда, барлығынан үзіліс аламын деп ойладым, кейін мен оларды сағынғанымды түсіне бастадым. Жаңа жылдық видеолар мен фотосуреттердің бәрін көріп шықтым. Сондықтан жұмысқа қайта оралғаныма қуаныштымын.
– Алдағы маусымға дайындық жайлы не айтасыз?
- Алғашқы 10 күн шыдау керек, содан кейін бәрі оңай болады.
- Маусымның екінші жартысындағы мақсаттарыңызбен бөліссеңіз?
- Алысқа бармай-ақ қойсақ. Алда көре жатармыз.