Нұралы Әліп ЦСКА қақпашысынан кешірім сұрады
«Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп мәскеулік ЦСКА қақпашысы Владислав Тороппен қақтығыстан кейін өзінің әлеуметтік желілерінде үндеу жолдады, деп хабарладайды Sport Plus Qazaqstan.
«Бүгінгі ойында жағымсыз эпизод болды, мен Владислав Тороптан кешірім сұрап, оған шын жүректен денсаулық тілегім келеді. Мен допқа бардым және оған зиян тигізгім келмеді. Мен өте өкінемін және бұл болды деп алаңдаймын. Владислав, сіз тез қалпына келіп, алаңға ораласыз деп үміттенемін», — деп жазды Әліп өзінің Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліппен соқтығысқаннан кейін Торопта бет сүйектерінің сынғаны және мидың шайқалғаны белгілі болды. Қазір қақпашы ауруханада жатыр.