logo

«Тараз» клубының жаңа басшысы тағайындалды

«Тараз» клубының жаңа басшысы тағайындалды

Жамбыл облыстық футбол федерациясының басшысы Әлімбек Жұмабаев «Тараз» клубының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Тағайындау клуб директоры лауазымына жарияланған конкурстың үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша жүзеге асты.

«Әлімбек Жұмабаев бұрын да «Тараз» футбол клубына басшылық еткен. Жаңа директордың алдына жамбылдық футболды өркендету тапсырмасы қойылды», - деді басқарма басшысы.

52 жастағы Жұмабаев Жамбыл облысында өмірге келген, жоғары білімді Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-да алған. Шахматтан бапкер болып жұмыс істеген, одан кейін бизнес саласына ауысты. Жамбыл облыстық футбол федерациясын 2006 жылдан бері басқарады.



Күн шежіресі