logo

Али Алиев: Жазғы терезе кезінде тәжірибелі қақпашы алу керек болатын шығар

Али Алиев: Жазғы терезе кезінде тәжірибелі қақпашы алу керек болатын шығар

«Қызылжардың» бас бапкері Али Алиев Olimpbet QFL Премьер-лигасының 8-туры аясында «Ақтөбеге» (0:2) қарсы ойын туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan петропавлдық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- «Ақтөбе» сияқты командалармен ойнаған кезде жасаған мүмкіндіктерді пайдалану қажет, себебі олардың саны шектеулі болады. Борис Смиляничте керемет мүмкіндік болды, бірақ ол айып алаңының ішінде бола тұра қақпаға соққы бағыттамайды. Неге екені белгісіз... Қарсылас сапында Бауыржан Байтана екінші таймда бір ғана соққы жасап, есеп ашты. Бұның себебі неде екенін түсінбеймін. Біздің қақпаға кез келген бағытталған соққы голға айналады. Бұл мәселе бойынша қақпашылар бапкерімен сөйлесеміз, мүмкін жазғы терезе кезінде тәжірибелі қақпашы алу керек болатын шығар. Бұл мәселені терең талқылаймыз, - деді қазақстандық маман.



Күн шежіресі