logo

Норвегия құрамасының бапкері Қазақстанмен ойын алдында жақсы жаңалық алды

Норвегия құрамасының бапкері Қазақстанмен ойын алдында жақсы жаңалық алды

Норвегия құрамасының жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор толық жаттығу үдерісіне оралып, «Арсеналмен» жаттығуларын жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+

Эдегор командамен бірге Чемпиондар лигасында «Интерге» қарсы ойын алдында жаттығып, бірақ алаңға шықпады. Бүгін «Челсиге» қарсы матчта Мартин жарақат алғаннан кейінгі алғашқы ойынына шығуы мүмкін. 

25 жастағы норвегиялық жартылай қорғаушы қыркүйектен бері Ұлттар лигасында тобығынан жарақат алғаннан кейін ойнамады.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын қарашада Ослода Норвегияға қарсы ойынмен аяқтайды. Алматыда өткен алғашқы кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған еді.