logo

Максим Самородов – қазан айында «Ахмат» командасының екінші үздік ойыншысы атанды

Максим Самородов – қазан айында «Ахмат» командасының екінші үздік ойыншысы атанды

Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов қазан айында «Ахмат» командасының үздік ойыншылары тізімінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sport+.

Матчтың үздік ойыншысы атанған футболшыға 5 ұпай беріледі, екінші орынға ие болған ойыншыға – 3 ұпай, ал үшінші орынға – 1 ұпай.

Жалпы ұпайларды есептеу нәтижесінде Лечи Садулаев ең көп ұпай жинады – 18 (ол үш рет матчтың үздік ойыншысы атанған).

Екінші орынға Максим Самородов орналасты, оның есебінде 13 ұпай бар (ол бір рет үздік, екі рет екінші және бір рет үшінші орын алған).

Қазақстандық шабуылшы «Ахмат» сапында барлығы 12 матч өткізіп, 1 гол салды және 2 нәтижелі пас берген.



Күн шежіресі