logo

Григорий Бабаян: «Пафос» - фаворит, бірақ біз өзімізді жақсы қырымыздан көрсетуге тырысамыз

Григорий Бабаян: «Пафос» - фаворит, бірақ біз өзімізді жақсы қырымыздан көрсетуге тырысамыз

«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян Конференциялар Лигасының жалпы кезеңіндегі кипрлік «Пафос» клубына қарсы алдағы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+:

– «Пафос» қазір Кипр чемпионатындағы ең жақсы команда, Бразилия, Аргентина және Португалияда өнер көрсеткен мықты аяқдопшылар бар. Өз лигасында ұпай жағынан басымдыққа ие көшбасшы.

– Кипрға жету жағын айтып өтсеңіз.

– Біз мұнда Алматыдан жетем дегенше ұзақ жолды басыт өттік, 24 сағаттай уақытымыз кетті. Қазір жаттығу өткізіп, матчқа дайындалып жатырмыз. Біздің жұпта «Пафостың» мүмкіндігі жоғары, бірақ намысты қолдан бермей, өзімізді жақсы жағынан көрсетуге тырысамыз.

– Қазіргі уақытта «Астананың» тығыз ойын кестесі бар, көптеген ойындар жаздан күзге ауыстырылды. Бұл неліктен?

– Еурокубокқа іріктеу үшін бұл қалыпты жағдай, барлығы осылай жасайды. «Бранн», «Корвинул» және «Милсами» де осылай істеді, сондай-ақ біздің географиялық қашықтығымыз да өте үлкен әрі алыс.

– Бұрын команда екі жақты жүктемеде қалай ойнап келді?

– Иә, бұрын екі-үш чемпионат турын сәуірге ауыстыратын, бірақ биыл ондай мүмкіндік болмады. Сол себепті ойындарды қыркүйек-қазанға ауыстыруға тура келді. Осыдан жүктеме көбейіп, қаржы қиындықтарына байланысты чартерлік рейстердің болмауы да әсерін тигізді.

– Костанайдағы матчта ойнаған ойыншылар Алматыда қалды. Неліктен?

– Мұндай тығыз кестеде әр ойынды ойнау мүмкін емес. «Тобылға» қарсы матчта қозғалыс пен эмоция тұрғысынан біз әлсіздеу болғанымыз байқалды.

– Демек, оларды «Жетісуға» қарсы матчқа сақтадыңыз ба?

– Иә, бізде бірінші орын үшін күресуге мүмкіндік бар. Біздің мақсатымыз – өз ойынымызды жеңіп, «Атыраудан» үміт күту. Бірақ ол жексенбіде болады, қазір біз өте қиын матчқа дайындалып жатырмыз, қарсыласымыз мықты.