logo

«Наше Дело» турниріндегі Ермеков пен Арышев арасындағы реванш өтпейтін болды

«Наше Дело» турниріндегі Ермеков пен Арышев арасындағы реванш өтпейтін болды

Санкт-Петербургтегі «Наше Дело» турниріне арналған баспасөз мәслихатында ұйым Дәурен Ермеков пен Дмитрий Арышев арасындағы реванштың өтпейтінін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Ресейлік спортшы жекпе-жектен бас тартқан.

Ермековке Владислав Ковалевпен жекпе-жек ұсынылды, бірақ ұйым президенті Армен Гулянның айтуынша, бұл кездесуді келісуге уақыт жетпейді.

«Мен бұл жолы салмақ қууға өте байыпты қарадым, ал қарсыласымның салмақ қумағанын естігенде көңілім қалды. Өзгені кінәламау керек, өйткені әрдайым өзің сондай жағдайда қалуың мүмкін. Мен Дмитрийді түсінемін, өзім де сондай жағдайды басымнан өткергенмін. Мүмкін ол салмағын жасамаса да жекпе-жекке шығар еді, бірақ дәрігерлер оған рұқсат бермеген соң, бұл оның кінәсі емес. Мүмкін оның командасы белбеу мен гонорардың бір бөлігін жоғалтқысы келмеген болар. Ал қазір олар белбеумен қалды, ал мен жекпе-жексіз. Бірақ мен бұл істі аяқтағым келеді», – деді Ермеков Арышевтің жекпе-жектен бас тартуына қатысты пікірінде.