Дәурен Ермеков: Мен үшін ең бастысы – жеңіске жету
Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков Sport+ сайтына берген сұхбатында «Наше Дело 86» турнирінде ресейлік Дмитрий Арышевке қарсы өтетін алдағы жекпе-жекке қатысты ойларымен бөлісті.
— Дәурен, дайындығыңыз қалай өтті?
— Дайындық жақсы өтті, бұл жолы өзімнің туған залым «Еркін Күште» дайындалдым. Спаррингке серіктестерді жинап, өз залымда жаттықтым.
— Алғашқы жекпе-жек әлі күнге дейін сұрақтар туғызады. Ол кезде не болды? Саусақпен көзге тиген соққы ма?
— Бірінші жекпе-жекте көзімдегі ауырсынуды өтірік істеген жоқпын. Жекпе-жекті қайта қарап шықтым, ол кезде ешқандай соққы болған жоқ, саусақпен көзге тиді деп ойлаймын. Сондықтан реванш – мен үшін өте маңызды.
— Сіз үшін реваншта Дмитрийді нокаутқа түсіру қаншалықты маңызды?
— Нокаутқа түсіру – жағымды бонус, әрине, бірақ мен үшін бастысы – кез келген тәсілмен жеңіске жету.
— Арышевпен мәселе шешілгеннен кейінгі жоспарларыңыз қандай?
— Осы жекпе-жектен кейін ұйымдастырушылардың ұсыныстарын қарастыратын боламыз.
«Наше Дело» турнирі Sport+Qazaqstan арнасында және sportplustv.kz сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.