NAIZA-ның бұрынғы файтері UFC-мен келісімшартқа отырды

15 ақпанда UFC-ге өзбекстандық Машрабжон Рузибоев (19-4-1) дебют жасайды. Ол қысқа мерзімде америкалық Джаред Гордонға (20-7) қарсы жекпе-жекке келісім берді, деп хабарлайды Sport+.
Рузибоев соңғы екі айқасын Ресейдің Open FC лигасында өткізді. Бұған дейін ол Қазақстанда да өнер көрсетіп, NAIZA-да Хусан Шерматовты және OCTAGON лигасында Константин Линникті жеңген болатын.