Майкл Пейдж туралы Белал Мұхаммад — Шавкат Рахмонов жекпе-жегі туралы: Көбісі Шавкатты фаворит санайды, бірақ мен үшін Белал мықты
UFC жартылай орта салмақтағы үздік жауынгері британдық Майкл Пейдж (22-3) дивизион чемпионы америкалық Белал Мұхаммад (24-3) пен жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) арасындағы алдағы жекпе-жекке қатысты болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+ Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен әлі де Белалды мықты деп санаймын. Көптеген адамдар Шавкатқа үміт артады, бірақ менің көзқарасым басқа. Менің ойымша, Белал көбірісін таң қалдырады. Ол аяқта тұрып төбелесіп, Шавкаттың тейкдаундарынан абай болу керек, өйткені Шавкаттағы қылқындыру әдістері мықты. Сондықтан, ол тейкдаун жасаған кезде сақ болу керек.
Бірақ менің ойымша, Белал бұл жекпе-жекте агрессор болуы мүмкін. Шавкат оған қарсы жүретін және онымен басын көтеріп төбелесетін жауынгерлерге үйренбеген. Джефф Нил солардың бірі болды және олардың жекпе-жегі қалай болғанын қараңыз — текетірес әлдеқайда жақын болды. Сондықтан менің ойымша, Белал бұл жекпе-жекте жеңіске жету мүмкін», — деді Пейдж Ариэль Хельваниге берген сұхбатында.