Расул Хатаев: Мен әр жекпе-жекке чемпиондық атаққа таласатындай шығамын
Аралас жекпе-жектің қазақстандық жауынгер Расул Хатаев Sport+ сайтына берген сұхбатында Тараздағы турнирде Алан Макитовқа қарсы ауыр салмақтағы «Alash Pride» атағы үшін текетіреске дайындық туралы айтып, Дияр Нұрғожайға UFC-де сәттілік тіледі.
— Алдағы жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр? Бұл жекпе-жектің чемпиондық мәртебеге ие болуы қысым жасай ма?
— Дайындық жақсы өтті. Өзімді керемет сезінемін. Мен ешқандай қысым сезінбеймін, мен әр жекпе-жекке чемпиондық атаққа таласатындай шығамын.
— Қарсылас туралы не айта аласыз? Соңғы рет ол бір жыл бұрын сегізбұрышқа шықты. Бұл фактіні сіздің артықшылығыңыз деп атауға бола ма?
— Лайықты, мықты қарсылас, қалғанын 31 қаңтарда көреміз.
— Сіз бұрын өзіңізді UFC-де сынап көргіңіз келетіні туралы айтқан болатынсыз. Шетелдік промоушндармен байланыс болды ма?
— Қазіргі уақытта шетелдік ұйымдармен тікелей байланыс болған жоқ. Біздің бапкер Диас Қабдуов Саят Абдурахмановпен келіссөздер жүргізіп жатқанын ғана білемін. Сонымен қатар, мен алдымен Азиядағы позициямды нығайтуым керек деп санаймын, ал қалғаны уақыт мәселесі.
— Сіздің Tobet Top Team бойынша серіктесіңіз Дияр Нұрғожай жақында UFC-де дебют жасайды. Оған не тілей аласыз және оның қабілеттерін қалай бағалайсыз?
— Диярға жекпе-жекке ең жақсы бабында барып, тағы бір жарқын жеңіс көрсетіп, бонус алып кетуді тілеймін. Менің ойымша, ол қазірдің өзінде орта ауыр салмақтағы ТОП-5 жауынгерлермен бәсекелесе алады. Бірақ бәрінің өз уақыты бар!