Қазақстандық спортшы америкалық лигамен келісімшартқа отырды
Dar Team командасының спортшысы Ермахан Орынтаев америкалық Хtreame FC лигасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ командаға сілтеме жасап.
Лиганың алдағы турнирі 12 ақпанда өтеді, ал Ермахан келесі ивентте, яғни 26 ақпанда өнер көрсетеді. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.
Қазіргі таңда Орынтаев Америкада, Kill Cliff залында жаттығып жүр, онда ол клубтағы әріптесі Асу Алмабаевқа UFC-дегі жекпе-жекке дайындалуға көмектесуде.