NAIZA лигасы Заманбеков пен Саясатов арасындағы реваншты жариялады
Қазақстандық NAIZA лигасы Болат Заманбеков пен Еламан Саясатов арасындағы реванш жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу 19 қыркүйекте Алматыда өтетін турнир аясында ұйымдастырылады.
Бұл файтерлердің алғашқы айқасында Еламан Саясатов тыйым салынған тізе соққысын жасағаны үшін дисквалификацияланған болатын. Соның нәтижесінде Болат Заманбеков чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Енді қос спортшы NAIZA лигасының ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін қайтадан октагонда кездеседі.