Артем Резников салмақ межесіне сыймады, бірақ жекпе-жек өтеді
ACA лигасының президенті Магомед Бибулатов Алматыда өтетін ACA 205 турнирі алдындағы салмақ өлшеу рәсімінің қорытындысына қатысты Sport+ басылымына пікір білдірді.
«Қазақстандық файтер Артем Резников ACA 205 турнирі алдында жеңіл салмақ дәрежесінің белгіленген лимитіне сыймады. Бұл туралы ұйым президенті Магомед Бибулатов мәлімдеді. Резниковтың салмағы 73,25 келіні көрсетті. Ал жеңіл салмақтағы ең жоғары рұқсат етілген шек — 70,3 келі. Осылайша қазақстандық спортшы 1,95 келі артық салмақ жинады.
Резниковтың қарсыласы, ресейлік Заур Гаджиев, салмақ межесін сәтті орындап, таразыда 70,90 келіні көрсетті. Жекпе-жек өтетін болды, алайда қазақстандық файтерге лига регламентіне сәйкес айыппұл санкциялары қолданылады.
Кештің басты жекпе-жектеріне қатысатын спортшылар өз салмақ дәрежелерінің лимитіне сәтті сыйды. Жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өтетін басты айқаста Муслим Магомедовтың салмағы 93,35 келі болса, қарсыласы Эльмар Гасанов 93,05 келіні көрсетті. Жеңілістің ащы дәмін татпаған Магомедов ұйым чемпионы атағын қорғайды.
Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Қазіргі чемпион Жосиэль Сильва мен үміткер Ренат Ондар таразыда тиісінше 61,15 келі және 61,65 келі көрсетті».
ACA 205 турнирі 17 шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді.