NAIZA жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жекті жариялады
NAIZA лигасы жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жекті ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Қазіргі чемпиондық белбеу иегері Жансерік Жақсығұлұлы (10-6) өз титулын алғаш рет қорғайды. Оның қарсыласы — Мири Садықов (11-6). Ол жекпе-жекке соңғы сәтте ауысып шығып, чемпиондық белбеуге басты үміткерді ауыр нокаутпен жеңіп, чемпиондық додаға қосылды.
Жекпе-жек 19 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді.