NAIZA лигасы Қостанайда турнир өткізеді. Күні мен басты жекпе-жектердің бірі белгілі
NAIZA лигасы 14 ақпанда Қостанайда турнир өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Осы кеш аясында «астаналық гангстер» Самандар Рузматов октагонға қайта оралады.
Оның қарсыласы — Қанат «Канск фестивалі» Құлмағамбетов болады.
Турнир Sport+ телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.