logo

Месси Аргентинаның келесі матчтарына қатыспайды

Месси Аргентинаның келесі матчтарына қатыспайды

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Сальвадор және Коста-Рика құрамаларымен жолдастық кездесулерге қатыса алмайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы TyC Sports хабарлады.

Басылымның мәліметінше, 36 жастағы шабуылшы бұлшық етінен алған жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Матчтар 23 және 26 наурызда өтеді.

Бұған дейін Мессидің Аргентина құрамасының сапында Париждегі футболдан Олимпиадалық турнирде ойнауы мүмкін екені хабарланған болатын.