logo

Беларусь құрамасының ойыншысы қазақстандық клубқа келуі мүмкін

Беларусь құрамасының ойыншысы қазақстандық клубқа келуі мүмкін

Беларусь құрамсының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко қазақстандық клубтардың бірінің сапын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Валерий Громыко «Торпедо» сапынан кетті. Себебі футболшы 17-20 мың доллар жалақыға жұмыс істегісі келмейді. Дегенмен оның қай отандық клубпен келіссөз жүргізіп жатқаны нақтыланбаған. 

Бұған дейін ойынша Туланың «Арсенал» клубында, БАТЭ, «Шахтер» және «Минск» клубтарында өнер көрсетті.

Ал Беларусь құрамасында жартылай қорғаушы 13 матчта бір гол соқты. Transfermarkt.com оның құнын 800 мың еуроға бағалайды.