Матеус Барбоса: Бірінші болып гол соққан команданың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары
«Атырау» қорғаушысы Матеус Барбоса «Елімайға» қарсы Лига кубогының топтық кезеңінің үшінші турындағы матчтан кейінгі эмоцияларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Бүгін өте жақсы ойын болды. «Елімай» — өте мықты команда, олар жақсы ойнайды. Мұндай командамен ойнау керемет. Бізде де, оларда да мүмкіндіктер болды. Бұл футболдың бір бөлігі. Кім бірінші болып гол соқса, сол команданың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Бізде гол соғатын мүмкіндіктер болды, бірақ біз оларды жүзеге асыра алмадық. Оларда да мүмкіндіктер болды — олар жеңіске жетті. Мен тек оларды құттықтап, осы турнирді жеңіп алуды тілеймін. Бізге қиын болды, бірақ біз осында келіп, бар күшімізді салдық. Менің ойымша, өте жақсы ойын және атмосфера болды. Біздің ойыншыларды әрбір сәтте күрескендері үшін құттықтағым келеді».