Марко Милошевич: «Сараево» осал қарсылас емес, бірақ олар құрамын біраз жаңартты
Қазақстанда өнер көрсеткен сербиялық қақпашы Марко Милошевич Sport Plus Qazaqstan сайтына «Ақтөбе» мен «Сараево» ойынына қатысты болжамымен бөлісті.
– Менің ойымша, «Ақтөбе» басымдылыққа ие болады. Себебі, «Сараево» құрамын өзгертіп, соңғы жиындарда негізгі құрамы болған жоқ. Сондықтан олар «Ақтөбеге» дайын емес деп ойлаймын.
«Ақтөбені» фаворит деп санаймын, себебі команданың деңгейі жақсы және қазіргі уақытта сәтті өнер көрсетуде. Әрине, «Сараево» осал қарсылас емес, бірақ олардың біраз футболшыларды ауыстырғаны негізгі себеп болып табылады, сондықтан мен «Ақтөбеге» басымдылық беремін. Алға, Қазақстан!
– Қазір сіз клубсыз жүрсіз. Қазақстаннан ұсыныстар бар ма?
– Иә, мен қазір команда іздеудемін. Менде «Ордабасыдан» ұсыныс болған, бірақ олар беларус қақпашысын таңдады (Сергей Игнатович - автор). Сондай-ақ «Елімайдан» қызығушылық болды, бірақ ары қарай не болғанын білмеймін. Жақын арада клуб табамын деп үміттенемін.
Себебі неде екенін білмедім, бірақ сәтті маусымдардан кейін, чемпион болып атанғаннан кейін, маған клуб табу қиынға түсуде (күледі). «Астанадан» кейін солай болды, Венгрияда және енді Босниядан кейін (Милошевич «Борацпен» сапында Босния және Герцеговина чемпионатын жеңіп алды).
Естеріңізге сала кетейік, Марко Милошевич 2020-2022 жылдар Қазақстан чемпионатында «Каспий» мен «Астана» сапында өнер көрсетті.