«Манчестер Ситидің» трофей жеңуге соңғы мүмкіндігі. «Борнмут» — «Манчестер Сити» матчы Sport+ арнасында тікелей эфирде

30 наурызда Англия кубогының ширек финалында «Борнмут» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдайды.
Хосеп Гвардиоланың командасы АПЛ-да чемпиондық атағын қорғауы екіталай, ал Чемпиондар лигасы мен Лига кубогынан шығып қалғаннан кейін, жалғыз үміті — Англия кубогы.
Ширек финалға «Ситиден» басқа АПЛ-дің ешбір гранды жетпегенін ескерсек, «қалалықтардың» трофейге қол жеткізу мүмкіндігі жоғары.
Жартылай финал жолдамасы үшін олар «Борнмутпен» кездеседі. Биылғы маусымда «шие жидектер» АПЛ-де Гвардиола командасын сүріндіре алған. Дегенмен, соңғы бес матчтағы сәтсіз сериясы (үш жеңіліс, бір тең ойын және пенальтиден келген жеңіс) олардың бұл нәтижені қайталауына кедергі келтіруі мүмкін.
«Борнмут» — «Манчестер Сити» матчының тікелей трансляциясы 30 наурызда 20:30–да sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.