«Манчестер Ситидің» бұрынғы футболшысы Грузия президенті атанды
Грузия тарихында алғаш рет жалпы дауыс беру арқылы емес, парламент президент сайлап, Михаил Кавелашвили ел тізгінін ұстады, деп хабарлайды Sport+.
53 жастағы бұрынғы футболшы «Манчестер Сити», «Цюрих», «Базель» және «Динамо» (Тбилиси) сынды тағы басқа клубтарда өнер көрсетті.
Сондай-ақ Грузия құрамасы сапында 46 матч өткізіп, 9 гол соққан.