«Челси» «Астанаға» қарсы матчқа құрамын жариялады
Лондондық «Челси» түнде Алматыға ұшып келді, онда 12 желтоқсанда УЕФА Конференциялар лигасы аясында «Астанаға» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sport+.
Ұшып келгеннен кейін лондондық клуб Қазақстанға алып келген құрамын жариялады:
Қақпашылар: Филипп Йоргенсен, Лукас Бергстром, Макс Меррик;
Қорғаушылар: Аксель Дисаси, Тосин Адарабийо, Ренату Вейга, Харрисон Мюррей-Кэмпбелл, Ричард Олисе, Джош Ачимпонг, Кайден Уилсон;
Жартылай қорғаушылар: Кирнан Дьюзбери-Холл, Сэмюэл Рак-Саки, Харви Вейл, Киано Дайер, Карни Чуквуэмека;
Шабуылшылар: Педру Нету, Тайрик Джордж, Ато Ампа, Шумайра Мхеука, Марк Гиу.
Британдықтар құрамындағы негізгі командадан Алматыға резервтік қақпашы Йоргенсен, қорғаушылар Дисаси мен Адарабийо, жартылай қорғаушылар Дьюзбери-Холл, Чуквуэмека және шабуылшы Педру Нету ұшып келді.
Жартылай қорғаушы Кирнан Дьюзбери-Холл қазіргі Конференция лигасында барлық төрт матчты өткізді. Чуквуэмека үш матч ойнады, ал испандық шабуылшы Марк Гиу «Челсидегі» алғашқы голын Конференция лигасында армениялық «Ноа» қақпасына соқты. Көк академияның үш ойыншысы алғаш рет ересектер командасына шақырылды, олар: Ричард Олисе, Кайден Уилсон және Ато Ампа.
Конференция лигасының төрт турынан кейін «Челси» жалпы кестеде 12 ұпай жинап, бірінші орында тұр. «Астанада» 4 ұпай және кестеде 23 орында орналасқан. Турнирдің плей-офф кезеңіне шығу үшін 24-ші орыннан төмендемеу шарт.
«Астана» — «Челси» Алматы қаласының Орталық стадионында Қазақстан уақыты бойынша 20:30–да басталады.